Бұл керемет жетістік: Бибісара Асаубаеваны Мемлекет басшысы құттықтады

Асаубаева, блицтен әлем чемпионы, шахматшы қыз Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтан өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы лебізін Twitter-ге жазды.

Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске салсақ, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Варшавада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында блицтен әлем чемпионы атанған еді.

Турнирдің соңғы ойынында Бибісара Асаубаева ресейлік Александра Горячкинамен ойнады. Ресейлік шахматшы қателік жіберіп, жеңілуге мәжбүр болды.

Тақырыпқа орай мына мақаланы оқи отырыңыз

Бибісара Асаубаева блицтан әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионы атағымен қоса, 17 жастағы Асаубаева 40 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз