Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпекші болған шетелдік ұсталды

есірткі, кеден, Түркістан облысы, Өзбекстан азаматы, "Жібек жолы" шекара бекеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2022 10:19 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпекші болған Өзбекстан азаматының сөмкесінен есірткі тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама түскен.

Қазақстанның өткізу бекетінен өту кезінде, Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа «Имерек» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Сарыағаштық полицейлерден құралған жедел уәкілдер тобы күдіктіні тінту кезінде оның жолсөмкесінің ішінен есірткі тектес затты тәркіледі. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің 5 грамға жуық «гашиш» екені расталды.Түркістан облысытық ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: