Ақпарат министрі радикалды көзқарастағы азаматтармен оңалту жұмысы жүргізіле бастағанын мәлімдеді

Интернет мониторинг Сурет: pixabay
Үкімет отырысында радикалды көзқарастағы азаматтарды дәстүрлі ислам арнасына қайтару мақсатында министрлік құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оңалту жұмыстарын жүргізіп жатқандығын ақпарат саласының жаңа министрі Асқар Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Министрлік өз құзіреті аясында азаматтардың радикалдануына жол бермеу және дінді деструктивті мақсатта пайдалануын болдырмау үшін діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырды. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы профилактикалық сипаттағы, сондай-ақ радикалды идеологияға тарту тәуекелі бар халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Әлеуметтік желілерге назар аудара отырып, радикалды діни идеалогияның алдын алу және қарсы насихаттау бойынша ақпараттық алаңда белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров

Сондайқ-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі елдегі интернет кеңістігінде мониторинг шаралары күшейтілетінін айтты.

Интернет кеңістігінің мониторингі күшейтіледі және әлеуметтік желілерде радикалды топтар мен қоғамдастықтардың қазақстандық жазылушыларымен атаулы жұмысқа назар аударылады. Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен, оның ішінде «Жусан» арнаулы операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан қайтарылған әйелдермен оңалту жұмысы одан ары жалғасады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз