"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары ДДҰ мақұлдаған вакцинаны қайта салдыра алады

Студенттер  Сурет: pixabay
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қол жетімділік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрлік аталған мәселе Білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғанын мәлімдеді.

Нәтижесінде ВАК стипендиаттарға ДДҰ мақұлдаған вакцинаны салдыруға рұқсат берген. Осындай шешімнің арқасында «Болашақ» стипендиясының иегерлері ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа ДДҰ мақұлдаған вакциналар алған адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді.

Австралияға, Канадаға, Жаңа Зеландияға, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын «Болашақ» стипендиаттарының оқуларына кедергі келтірмеу үшін БҒМ ДСМ-ге ДДҰ мақұлдаған вакцинаны беру мүмкіндігін қарау туралы хат жолдады. Аталған елдердің аумағына кіру үшін ДДҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасымен толық вакцинациялау қажет екенін атап өткен жөн. ВАК біздің ұсынысымызды қолдады. Нәтижесінде BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берілді.ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев

Ұқсас ережелер Австралияға және бірқатар басқа елдерге кіру үшін де қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз