Павлодар облысында қонақ үй кешені отқа оранды

Оқыс оқиға Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодарда "Шербет" қонақ үй кешенінің шатыры толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылы 16 қаңтарда сағат 09:03-те Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 600 үй мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт шалған аумақтың жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10:53-те сөндірілді.

Төтенше оқиға

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қонақ үйдің қожайынына қатысты 410-баптың 1-бөлігі, "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шығын

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртке себеп, алдын ала болжам бойынша, электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

Өрт

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Шығын көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнында облыстық ТЖД мен Апатты медицина орталығының 35 қызметкері мен 10 техникасы жұмыс істеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз