Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қалалық ПД бастығы: қылмыскерлер полицейлер мен әскерилердің киімін киіп алған

Алматы, митинг, шеру, террористер, Таймерденов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2022 22:00 Сурет: Zakon.kz
Полиция департаментінің бастығы әрі Алматы қаласының коменданты Қанат Таймерденов содырлар әрекетінің арнайы ұйымдастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полицейлер мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған. Алаң периметрі мен қаланың орталық көшелеріндегі 493 бейнебақылау камерасы істен шықты. Жолдарға тосқауыл қойылды. Периметр бойынша бақылаушылар қойылған. 4-5 адамнан құралған лаңкестік топтар басып алынған көліктердің мемлекеттік нөмірін алып тастап жүрді.Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов

Наразы топ көлікте кетіп бара жатып полиция жасақтары мен блок бекеттерге оқ жаудырды. Олар қару-жарақ пен әскери техниканы тартып алу мақсатында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шабуылдады.

Артынша олар Алматыдағы халықаралық әуежайды басып алып, навигациялық құралды жарамсыз етті. Ойын-сауық орталықтары мен қаржы институттары талқандалды.

Қаланың түкпір-түкпірінен бір мезгілде әртүрлі ғимараттарға мина қойылғаны, атыс және бүліктер туралы жалған ақпараттардың көптеп келгенін атап өткім келеді. Бұл әдісті лаңкестер полиция қызметкерлерін «шаршату» үшін қолданған.Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов

5 қаңтарда ел Президентінің Алматыда төтенше жағдай енгізуі және қалаға Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен бөлімшелерінің кіргізілуі полицияның едәуір күшін ғимараттар мен стратегиялық объектілерді қорғаудан босатып, конституциялық заңдылықты орнату бойынша негізгі міндеттерін орындауға шоғырландыруға мүмкіндік туды.

6 қаңтардан бері арнайы органдардың қызметкерлері мен әскери қызметкерлер бірлесіп, қаланы тазарту бойынша антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр.

Қаланың барлық кіру-шығу жолдарын бақылау үшін бақылау бекеттері қойылды.

Операция барысында арнайы жасақ топтары лаңкестердің ауруханалар маңында, соның ішінде Қалқаман ықшамауданында орналасқан баррикадаларын жойды. Оған қоса лаңкестерді жою жұмыстары жүріп жатты.Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: