Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы бизнесіне келген шығын аталды

Жаппай тәртіпсіздік, Алматы, "Атамекен" ҰКП Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов тәртіпсіздіктер мен тонау салдарынан бизнеске келген шығын туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Бұл ақпаратты ол қалалық штаб отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Палата басшысының айтуынша, 3-16 қаңтар аралығында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 1432 бірыңғай байланыс орталығына 7 938 қоңырау түскен. Оның ішінде 2226 қоңырау тек талан-тараж мәселесіне қатысты болса, 695-і бизнесті қалпына келтіруге және залалды бағалау алгоритміне байланысты болған.

Қоңыраулардың басым бөлігі біздің өңірден түседі, себебі зардап шеккен кәсіпорындардың көпшілігі Алматы қаласында орналасқан.Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бастығы

Палатаның мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласында 1876 нысанда орналасқан 1573 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері анықталды, соның ішінде: сауда – 1437; қоғамдық тамақтандыру – 44; қаржы секторы – 64; логистика – 23.

Ірі кәсіпкерлік секторында 68 кәсіпорын зардап шекті. Соның ішінде 36 компанияның жарияланған сомасы 13 млрд болса, 32 компания шығынды әлі есептеп жатыр.

Алматыда орта бизнестен 80 кәсіпорын зардап шекті, соның ішінде 44 компанияның жарияланған сомасы 11 млрд теңге болды, 36 кәсіпорын шығынды есептеп жатыр.

Шағын кәсіпкерлік саласында 1455 кәсіпорын зардап шекті, оның ішінде 969 кәсіпорынның мәлімделген сомасы 76 млрд теңгеден асса, 553 кәсіпорын шығынды есептеп жатыр.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен алғанда, 94,4 миллиард теңгеден астам.Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бастығы

Палатаның мәліметінше, бүгінде жедел тергеу топтары ШОБ субъектілерінің 1154-тен астам орнын тексерді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, зардап шеккен нысандарды тексеру апта басында аяқталады деп жоспарланған.

Бір күн бұрын рестораторлар кешкі уақытта кафелер мен мейрамханаларды тонаудың жекелеген оқиғалары жалғасып жатқанын, тонаушылардың тамақ іздеп есік-терезені сындыратынын хабарлады.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз