Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ сенім телефондарына 19 шағым түсті

ІІМ сенім телефоны , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 17:26 Сурет: Zakon.kz
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі және оның аумақтық бөлімшелері азаматтардың хабарламаларын тәулік бойы қабылдауды және қарауды қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Өткен тәулікте 62 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 43-і консультативтік-анықтамалық сипатта. Атап айтқанда көші-қон, құжаттандыру, автокөлікті, айыппұлдарды, сақтандыруды, ақылы жолдарды тіркеу, мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы және т.б. мәселелер бойынша. Әрбір жағдайға байланысты құзыретіне сәйкес түсініктеме беріледі.

Өңірлердегі өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің сенім телефондарына азаматтардан туыстарын іздестіру және ұсталу мәселесіне қатысты 12 хабарлама түсті.

Семей, Қызылорда және Павлодар қалаларының үш тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік соттардың шешімімен (тәртіп бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге қатысу) әкімшілік қамауға алудың әртүрлі мерзімдеріне тартылғаны анықталды.

Үш алматылық, екі тараздық және бір Семей тұрғыны соттың санкциясымен прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қостанай және Ақтөбе қалалары тұрғындарының ұялы телефондарын алу бойынша 3 өтініш түсті. Тексеру нәтижесінде прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу аясында барлық телефондарды алып қойғаны анықталды.

Павлодар қаласында ерлі-зайыптылардың құқық қорғау органдарына жеткізілу себептері, көлік құралын заңсыз тоқтату, сондай-ақ Талдықорған қаласында ұялы телефонды алып қою туралы ақпарат тексерілуде.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты барлық хабарламалар мен шағымдар мұқият тексеріліп, әрбір жүгінген адамға толық ақпарат беріледі.ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: