Еуропарламентке жаңа басшы сайланды

Дауыс беру Сурет: Twitter/Roberta Metsola MEP
Мальта елінің өкілі Роберта Метсола Еуропарламенттің жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz

ЕО заң шығарушы органының баспасөз қызметі хабарлағандай, Метсоланың кандидатурасын Еуропалық халық партиясы ұсынған.

Оны депутаттардың басым көпшілігі қашықтықтан өткізілген дауыс беру процесінің бірінші турында-ақ қолдады (690 адамның 458-і - І тур).

Ол өткен аптада қайтыс болған Давид Сассолидің орнын басты.

Метсолаға дейін Еуропарламентті Симон Уэйл мен Николь Фонтейн сынды әйелдер басқарған. Демек, ол Еуропарламент тарихындағы аталған орган тізгінін ұстаған үшінші әйел болмақ.

Роберта Метсола (Roberta Metsola) 1979 жылы 18 қаңтарда Сент-Джулианста (Мальта) дүниеге келді.

Ол 2003 жылы Мальта университетінің заң факультетін тәмамдаған. Содан кейін Брюгтегі (Бельгия) Еуропа колледжінің Еуропалық құқық мамандығын игерген.

Студенттік шағында, яғни 2000-2002 жылдары еуропалық демократиялық студенттердің вице-төрағасы болды. 2002-2003 жылдары - еуропалық демократиялық студенттердің Бас хатшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз