Данилина сенсациялық жағдайда AusOpen-2022 турнирінің ширек финалына өтті

Теннис Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина өз мансабында алғаш рет Үлкен Дулыға турнирінің жұптық сынының 1/4 финалында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық-бразилиялық жұп Австралия чемпионатының үшінші айналымында Алена Большова (Испания) және Ульрикке Эйкеримен (Норвегия) шеберлік байқасты.

Екі сағат 35 минутқа созылған матч Анна мен Беатрис үшін ерлік пен ерік-жігердің қиын-кескі сынына айналды. Ақыры олар жеңіске жетті.

Соңғы үшінші партияда олар 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді, бірақ дер кезінде жинақталып, ұпайды теңестіре алды, содан кейін тай-брейкте сәттілікке қол жеткізді.

Қорытынды нәтиже– 3:6, 6:4, 7:6 (10:5), әрине ұпай Данилина мен Майяның пайдасына шешілді.

Қазақстандық Максим Батютенко жасөспірімдер арасындағы негізгі турнирдегі жолын сәтті бастады.

Австралия чемпионатының бірінші айналымында 17 жасар теміртаулық теннисші ағылшындық Мэтью Рэнкинді 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз