Жаңалықтар тізбегі
0

Рыбакина Ролан Гарростың ширек финалына шықты

ktf.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 14:53 ktf.kz
Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсті ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды zakon.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда 22-ге толатын Е.Рыбакина төртінші айналымда атақты америкалық, "Үлкен дулыға" турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 8-сатыда тұрған 39 жастағы Серена Уильямспен кортқа шықты. Бұл - олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер С.Уильямсті жеңіп көрмеген. Матчты қарқынды бастаған қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін америкалық спортшы есепті қысқартқанымен, Е.Рыбакина қайыра брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3.

Екінші партияны Елена брейкпен бастағанымен, тәжірибелі қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді. Есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасап, қайта алға шықты. Бірақ өз геймінде қателікке жол берді – 4:4. Дегенмен есеп 5:5 болғанда, тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:5. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 7:5. Бәсеке 1 сағат 18 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады. Ол төртінші айналымда Беларусь өкілі Виктория Азаренконы 5:7, 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Бір қызығы, Е.Рыбакина А.Павлюченковамен бірге Франция ашық чемпионатында жұптық сында да табысты өнер көрсетуде, олар үшінші айналымға өткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: