Елена Рыбакина Наоми Осаканы ойсырата жеңіп, US Open турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: instagram/lenarybakina
Sportarena.kz хабарлауынша, қазіргі уақытта WTA рейтингінде 13-орында тұрған, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осаканы жеңуге Рыбакинаға 1 сағат 7 минут қажет болды.
Жекелей сында 1/8 финал аясындағы кездесу қазақстандық теннисшінің екі сетте 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
Матч барысында Елена жеті эйс жасап, бір рет қосарланған қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Осака екі эйс жасап, бес рет қосарланған қателік жіберді және өзіне берілген жалғыз брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осы кездесуден кейін теннисшілердің өзара матчтарындағы есеп 2:0 болып, Рыбакина алға шықты.
Турнирдің ширек финалында Рыбакина Қытайдың Олимпиада чемпионы Циньвэнь Чжэнмен кездеседі.
АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шығу Рыбакинаға WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атануға кепілдік береді. Бұл оның басты қарсыластарының нәтижесіне қарамастан жүзеге асады.