Кісі өлтірді деген күдікпен ауруханада жатқан адам қашып кетті
Сурет: pixabay
Тергеу-қамауына алынған А. есімді күдікті Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделуге жатқызылған. Алайда 23 қаңтарда таңертең тергеу-қамауына алынған күдікті ауруханадан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазіргі уақытта арнайы топ құрылып, іздеу және тергеу-қамауына алынған адамды ұстау бойынша жедел шаралар қабылданды.
Аталған фактіні негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript