Қазақстанда теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өсті

депозит мөлшерлемесі, базалық мөлшерлеме Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры артынша мерзімсіз депозиттер бойынша 2022 жылдың қаңтар және ақпан айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл өзгерістер 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап енгізіледі және осы күннен бастап, банктер тиісті депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

Осылайша мерзімсіз депозиттер 9,8% болды.

  • үш және алты айларға – 10,3% (толықтырылмайтын депозиттер бойынша), толықтырылатын депозит – 9,8% :

  • 12 айға – 10,7% (толықтырылмайтын депозиттер бойынша), 10,4% – толықтырылатын депозит;

  • 24 айға – 9,4% (толықтырылмайтын депозиттер бойынша), 9,2% –толықтырылатын депозит.

    Одан басқа, 2022 жылдың ақпан айына 3, 6 және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер Қордың осы жинақ салымдар бойынша 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап бекіткен мөлшерлемелерге барабар етіп ұлғайтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз