ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді бекітті

Ақша, теңге, максималды мөлшерлеме, депозит, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 11:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілдесіне теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 және 6 айға орналастырылған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Сөйтіп маусым айындағы деңгейінде сақталды.

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер шамалы ғана – 0,1 пайыздық тармаққа көтерілсе, 24 айлық жинақ салымдар керісінше – 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Бұған депозиттер нарығының осы сегменттерінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруі себеп болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: