Қыркүйек айына теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлеме бекітілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы қыркүйекке теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің барлық түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және тамыз айындағы мәндер деңгейінде сақталды.
Еске салсақ, Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript