Алматыдағы эпидахуалдың нашарлау себебі айтылды

Алматыдағы эпид жағдай, коронавирус Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында эпидахуал нашарлап барады. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы м.а., қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, бүгінде Алматы «қызыл» аймақтың ортасында тұр.

Мегаполисте сырқаттанушылықтың тәуліктік өсуі 0,97-ден 1,24-ке жеткен.

Сонымен қатар, аурушаңдықтың 12,8 есе өскені байқалады.

Алматының бас санитар дәрігері қаладағы эпидахуалдың күрт нашарлауына "омикрон" штамының таралуы себеп болғанын айтты.

"Дельта" штамын "омикрон" штамының ығыстыруына байланысты вирус жұқтырғандар санының күрт өсуі байқалды. Айдың соңына дейін күн сайын 3000-ға дейін ауру тіркеледі деген болжам бар.Алматының бас санитар дәрігері Қ. Әбдіжаббарова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз