Алматы облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды
Марат Исмаилов 1974 жылы дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар. Ол жалпы гигиена бойынша жоғары біліктілік санатты санитарлық дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
1992 жылы Ақтөбе медицина институтына оқуға түсіп, 1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша бітірді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 25 жыл.
Еңбек жолын 1997 жылы Өскеменде бастаған. 2014 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеген.
2015-2020 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау департаментінің Талдықорған қаласы бойынша департаментінде жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде жұмыс істеді.
2022 жылдың 4 қазанынан бастап Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.