Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Қарағанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 17:02 Сурет: ҚР ІІМ ақпараттық ресурсы
Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

22 қаңтар күні Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы жер үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына біріккен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлері бетіне медициналық бетперде таққан екі азаматтың 46 жастағы жеке кәсіпкердің үйіне зат жеткізуші ретінде кіргенін анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер қолдарындағы қарумен аспанға екі рет оқ атып, одан бағалы заттарын беруді талап еткен. Жәбірленуші оларға қарсылық көрсеткенде күдіктілер оған пышақ жарақатын келтірген.

Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілер оқиға орнынан жалпы соммасы 2 340 000 теңге болатын алтын бұйымдар алып кеткен. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 пен 40 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Олардың бірі жеке кәсіпкердің мекемесінде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Ол қасындағы сыбайластарына кәсіпкер туралы ақпарат беріп, қылмыс жасау кезінде сыртта көлікте күтіп отырған. Күдіктілердің тұрғын үйлеріне жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері айғақ зат ретінде тапанша, алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі.Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: