Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы жайлы заң жобасын 4 ақпанға дейін қарауға ниетті

Банкроттық туралы заң жобасы Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған, делінеді primeminister.kz сайтында.

18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған.

Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын. Әлихан Смайылов

Айта кетсек, алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлеу мәселесі де бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз