Жаңалықтар тізбегі
0

Елжан Біртановтың ісін сот Бас прокуратураға қайтарды

Бас Прокуратура , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 17:02 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша, айыпталушы тараптың қорғаушылары қойған талаптардың кейбірі қанағаттандырылды. Яғни айыпталушы тараптың 141 томнан тұратын іс материалдарымен толық танысып үлгермедік деген уәжін және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптары бұзылғанын ескеріп, судья істі Бас прокуратураға қайтарды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 320, 321, 323-баптарын басшылыққа ала отырып, судья айтыпталушы тараптың қорғаушылары берген Е. Біртанов пен О. Әбішевтің қылмыстық істерін прокурорға қайтару туралы өтінішхатын қанағаттандыру туралы, Е.Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бөлігі 3-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптау жөніндегі қылмыстық істі және О.Әбішевті Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптау жөніндегі қылмыстық істі іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтарын жою үшін Бас прокуратураға қайтару туралы қаулы етеді. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов

Сондай-ақ, ол Елжан Біртановтың адвокаты Н.Бейсекеевтің қорғауындағы азаматқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: