Жаңалықтар тізбегі
0

Сот Роза Жақанованы Елжан Біртановтың ісі бойынша процеске қатысудан шеттетті

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 12:48 Сурет: freepik
Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елжан Біртановтың қорғаушысы жәбірленуші Роза Жақанованың өкілінің сотқа қатысуының заңдылығы мен негізділігі туралы мәселе көтерді.

Жәбірленушінің өкілі Роза Жақанованы қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтінішті қайта жібереміз. Менің өтінішіме ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің кадр қызметінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Бекжановтың қолы қойылған жауап келді. Жоғарғы Соттың жауабында: Роза Жақанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен отставкаға кетуіне байланысты судья қызметінен босатылды. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының 2012 жылғы 1 ақпандағы өкімімен судья Жақанованың жеке арызы негізінде оның орнынан түсуі тоқтатылды. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының 2015 жылғы 14 қазандағы өкімімен судья Жақанованың орнынан түсуі қалпына келтірілді. Осылайша Жақанова отставкадағы судья.Біртановтың қорғаушысы Серік Сағалиев

Оның айтуынша, Жақанова отставкадағы судья бола тұра, жеке иммунитетінің кепілдігін және басқа да материалдық және әлеуметтік кепілдіктерді сақтай және пайдалана отырып, судьяның қызметінен кетуін тоқтатпай, ай сайынғы төлемақы алып отыра отырып, бір мезгілде ақылы заң көмегін көрсеткен және көрсетіп жатыр. Бұл заңсыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің заңгер сауалына берген жауабында Роза Жақанованың Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен еңбек қатынасында екені айтылады. Ұлттық орталықтың жауабынан Жақанованың 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап қазірге дейін кәсіпорынмен шарттық қарым-қатынаста болғаны, қызмет көрсету мерзімі 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда көрсетілген. Жақанова бұған дейін кәсіпорынның Корпоративтік қауіпсіздік орталығының бас менеджері қызметін атқарған. Осылайша Жақанова отставкадағы судья бола тұра, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Сәйкесінше ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мүдделерін қылмыстық сот ісін жүргізуде жәбірленуші ретінде келісім-шарт негізінде көрсете алмайды. Осыған орай құрметті сот, Роза Жақанованы жәбірленуші тараптың өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша өндірістен шығаруды сұраймын.Серік Сағалиев

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов адвокатының өтінішін қолдауды сұрады. Отырыс аяқталған соң сот адвокат Серік Сағалиевтің Жақанованы қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот қаулы етті: сотталушы Біртановтың қорғаушысы, адвокат Сағалиевтің өтініші қанағаттандырылсын, Роза Жақанова судья атағын сақтап, сот қауымдастығына жататындықтан жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық іске қатысудан шеттетілсін. Жұмыстан шығу шағымдануға жатпайды. Сот Жақанованы жәбірленушінің өкілі ретінде іске қатысудан толықтай босатады.Сарыарқа ауданының No2 аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: