Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлер, әкімдер. Nur Otan Саяси кеңесінің құрамынан тағы кімдер шығып қалды

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 19:47 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің құрамы жаңартылды, тізімнен көптеген танымал тұлғалар шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакциямыз Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сүзіп шығып, құжатта кейбір саясаткердің аты-жөнін таппай қалды. Атап айтқанда, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин және ҚР Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева жоқ болып шықты. Олардың партияның саяси кеңесі құрамынан шыққаны белгілі болды.

Сондай-ақ бұл тізімде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ тізгінін ұстаған Ахметжан Есімов, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова, Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин және ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров те жоқ болып шықты.

Сондай-ақ, бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бақытжан Жұмағұлов, Мәжіліс депутаттары - Динара Закиева, Айзада Құрманова, Асқар Бейсенбаев, Мәжілістің бұрынғы депутаттары Бекболат Тілеухан, Гүлмира Исимбаева, сондай-ақ кәсіпкер Болат Өтемұратов пен Эдуард Огай, "Аллюр "компаниялар тобы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Андрей Лаврентьев, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, сондай-ақ "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова да бұл тізімде болмай шықты.

Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің жаңа құрамына Дархан Кәлетаев, Марат Тәжин, режиссер Рүстем Әбдірашев пен Гүлсина Мирғалиева, "Қазақ ұлттық өнер университеті" ММ ректоры Айман Мұсақожаева, актер Нұркен Өтеуілов, "QAZAQSTAN" РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, сондай-ақ жеңіл атлет Ольга Рыпакова, шахматшы Динара Сәдуақасова, гимнаст Әлия Юсупова, "100 жаңа есім" жобасының қатысушысы Тамила Розметова және тағы басқалары енбей қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: