Жаңалықтар тізбегі
0

Айзатулла Хуссейн: Қазақ музыкасын цифрландыру керек

Музыка, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 20:56 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда музыкалық өнерді қолға алып, әлемге танылған өнерпаздар аз емес. Дегенмен бұл өнерді ғасырдан ғасырға жетуі үшін цирфландыру керек. Осы жолда жұмыс істеп келе жатқан õzen жобасының ұйымдастырушы Айзатулла Хуссейнмен Zakon.kz тілшісі сұқбаттасқан еді.

Айзат Екібастұз қаласынан, жетінші сыныпқа дейін Павлодар қаласындағы қазақ-түрік лицейінде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы ҚБТУ-ға оқуға түсіп, Сингапурда "Болашақ" бағдарламасы бойынша тілдік курстардан өтті, содан кейін Манчестерде бакалавриатты бітірді. Мамандығы IT саласы болғанымен, жасөспірім кезінен шығармашылыққа бейім болды.

Ол мамандығы бойынша аз уақыт жұмыс істеді. Бір кездері құрылыс компаниясында талдаушы болып қызмет етті. Ал 2015-2016 жылдары ол өз компаниясын ашып, жарнамалық роликтер, бейнебаяндар түсірумен айналысты.

- Айзат, сізге видео түсіру, музыканы цифрландыру бұрыннан қызық па еді?

– Мен қазақстандық музыка мен әртістерді алға дамытумен айналысқым келеді. 11-12 жасымда алғашқы компьютерімді үйге әкелген кезде, ойын ойнаудан гөрі түрлі бағдарламаларды үйрендім. Photoshop пен музыка жазудың бағдарламаларын зерттедім. Уақыт өте келе, музыка жаздық, басқаларға көмектестік, өңдедік. Тәжірибемен қатар, музыканы мәңгілікке сақтау деген тілек пайда болды, содан кейін нақты осы жұмысты үйрендім.

Алғашқы қолжетімді камералар пайда болған кезде видео түсіре бастадық. Instagram желісі де фотосуреттер мен видеолардың дамуына әсер етті. Үйленіп, балалы болған кезде жетістікке жету үшін ұнайтын дүниемен айналасу керектігін түсіндім. Баламыз дүниеге келген кезде жұбайымның шотына атаулы көмек берілді. Ол қаржыны маған сеніп берді, ол ақшаға сапалы камера сатып алдым. Әйелім оның көмегімен өз компаниясын ашып, тапсырыстарды қабылдай бастады. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап шығармашылықпен толықтай айналыса бастады.

- Ата-анаңыз сіздің хоббиіңізге қалай қарады? Олардың тарапынан түсініспеушілік болған жоқ па, өйткені сіз IT-мамандығын шетелде оқып келдіңіз.

- Басында ондай әңгіме болды, қазір бәрі жақсы. Жақындарымыз біздің тамағымыз тоқ, киіміміз бүтін болса деп алаңдайды. Осы кәсіппен табысқа шыққандықтан, олар артық сөз айтпады.

- Сізге оzen музыкалық лейбл жасау идеясы қашан келді?

– Біз ешқашан өзімізді лейбл демедік. Біз әлі де өз форматымызды іздейміз. Күн сайын қайда, не үшін бара жатқанымызды түсініп, бағдарлауға тырысамыз. Өз қалауымыз бойынша жұмыс істейміз.

Біз жаңадан келген әртістерге музыкалық бейнебаяндар тегін түсіре бастадық. Себебі қазақстандық музыканың болашағына сене бастадық, оның дамып келе жатқанын түсіндік. Басында клиптерді түсіруге ешқандай қаражат болмағандықтан, тегін көмектесе алатын таныстарды шақырдық. Барлығы адамгершілікке сеніп, жұмыс істедік.

Музыканы насихаттау үшін ең қарапайым және айқын шешім – музыкалық бейнебаяндар. Біз оzen деп аталатын компания құрдық. Дистибуцияның көмегімен ақша табуға болатынын байқадық. Оzen командасы Apple Music, Spotify және "Яндекс.Музыкада" қазақстандық орындаушылардың музыкасын қоюға мүмкіндік алды. Олар отандық әртістердің әндерін ірі платформаларға тікелей жүктейтін француздық believe агрегаторымен келісім жасай алды. Оzen-мен жұмыс істейтін барлық әртістер келісім-шарт жасайды және олардың жазбаларын сату арқылы өз пайызын алады.

Қазақстандық орындаушыларды музыкалық алаңдарға жүктеп, олардың жұмысын монетизациялауға көмектесіп жатқанымызға үш жыл болды. Осы уақыт ішінде біз шамамен 700 музыка жүктедік.

– Сізге мәдениет және спорт министрлігі бірге жұмыс істеуді ұсынғаны рас па? Өзіңізге қандай ұсыныс түсті?

- Бізді бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова шақырды. Бардық, олар бізді білетіндерін, жұмысымызды ұнататындарын айтты. Ақтоты Рахматоллақызы бізге көмектескісі келетінін жеткізді.

Менің бұрыннан бері музыкалық алаңдарда ескі қазақстандық музыканың басым бөлігі жоқ деген ой келді. Біз музыкалық дистрибьютормыз, платформаларға қосып, дамыта аламыз. Министрліктен 90-шы жылдары Қазақ мұрағатының жартысынан көбі - "Қазақ радиосын" су басқанын білдім. Сол кезде біздің музыкамыздың жартысынан көбі жоғалғаны жанымызға батты. Қазір 5 мыңға жуық шығарма қалған екен. Олар әртүрлі мұрағаттарда сақталған.

Барлық жазбаны тегін цифрландыруды ұсындым. Онда қаражат керек емес, бастысы цифрлау аппараты мен уақыт бөлу қажет. Сонымен қатар, композицияларды монетизациялауға және авторларға немесе олардың туыстарына дивидендтер төлеуге болатынын айттым. Келісімшарт жасап, жұмыс дұрыс жолға қойылса, бәрі жақсы болатынын айттым.

Ақтоты Рахматоллақызы өз көмекшісін шақырып, барлығын оған тапсырды. Бірақ біз отырғанда-ақ, онымен жұмыс істеу қиын болатынын түсіндім. Ақтотының өзі жақсы, заманауи көзқарастағы адам. Бірақ командасын олай деп айта алмаймын.

Ол бар болғаны бізді барлық мұрағаттармен байланыстырып, бірнеше қоңырау шалуы керек еді. Бұл бір сағаттық жұмыс еді және цифрландыру процесі басталып кетер еді. Бірақ бұл жұмыс аяқсыз қалды.

- Сіз өнер жолын таңдаған жастарға қандай кеңес бере аласыз?

- Өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалау маңызды. Қай саланы, не себепті таңдағаңызды білу керексіз.  Өздерін асыра бағалайтын жігіттер көп. Олар әндерін жіберіп, шығармаларын керемет деп санайды. Бірақ біз тыңдап, оның ортаңқол дүние екенін айтамыз. Өте талантты суретшілер бар, бірақ олар өздерін бағаламайды. Яғни, өзіңізді дұрыс бағалап, ары қарай дамыта түсуіңіз керек.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: