Ғалия-Бану Мейірбаева Сауда комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Ғалия-Бану Оңдасынқызы Мейірбаевтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ғалия-Бану Оңдасынқызы 1976 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы технологиялық институтын және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, техника ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Мемстандарт жүйесінде 1999 жылы "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" РМК Шығыс Қазақстан филиалының сертификаттау бөлімінің маманынан бастады.

2003-2016 жылдары Техникалық реттеу және метрология комитетінің құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2016 жылдан а.ж. 12 қаңтарға дейін – Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз