Қанатай Далматов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қанатай Далматов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген 2024 жылы 19 қазанда Ақорда жариялаған хабарламада.
Айта кетсек, 2024 жылы 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі Қанатай Далматов ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған болатын.
Сондай-ақ, бүгін, 19 қазанда Алматы облысы полиция департаментігінің басшылығында жаппай ауыс-түйіс болғаны белгілі болды. ПД басшысы мен оның орынбасары жаңадан тағайындалды, бірнеше басқарма басшысы қызметтерінен айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript