Түркістан облысында жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жол ережесi Сурет: Түркістан облысы ПД
Түркістан облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік желіде жарияланған видео арқылы ҚР жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Полицейлер «Instagram» парақшасының бірінен «БМВ» маркалы автокөліктің жолда екі жолақты ақ сызықты басып, қарама-қарсы бағытқа өтіп кеткен бейнежазбаны анықтады.      

Аталған бейнежазбадағы оқиғаның қайда орын алғаны, жүргізуші кім екенін анықтау мақсатында, полицейлер жедел әрекет етті. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, оқиға Жетісай қаласында болғаны белгілі болды. Ал «БМВ 525 І» басқарған жүгенсіз жүргізуші жергілікті тұрғын болып шықты.

Жүргізуші жол ережесін бұзып, заңсыздыққа жол бергені үшін 3 бірдей баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі «Маневр жасау қағидаларын бұзу», 630-бабы 1-бөлігі «Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру», және 606-бабы 1-бөлігімен «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Жас жүргізуші жасаған әрекетін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Сондай-ақ алдағы уақытта қайталамауға уәде берді.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

Жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, жол бойында кедергі келтірудің соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз