Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл елімізде 3 жыл оқу мерзімімен бакалавр дәрежесі енгізіледі

Оқу орындарындағы грант, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 12:42 Сурет: Zakon.kz
Елімізде биыл 2,5 - 3 жыл оқу мерзімімен пилоттық бакалавр дәрежесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Экономика үшін кадрларды жеделдетіп даярлау мақсатында, биылдан бастап 2,5 – 3 жыл оқу мерзімімен пилоттық бакалавр дәрежесі енгізіледі. Жоғары оқу орындарында да «онлайн оқытудың» жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралуда. Бұл цифрлық дәуірдің қажеттіліктерін қанағаттандыратын шара.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ министр 2022 жылы техникалық салаларға қолжетімділікті кеңейту мақсатында, техникалық мамандықтар бойынша гранттардың үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылатынын еске салды. Онымен қоса, биыл ауыл квотасы 35%-ға дейін көбейеді.

Өңірлерден келген үміткерлер техникалық бағыттар бойынша қосымша 10 000 грант алады. Біз аймақтарды талдап, анықтадық. Бұл Маңғыстау және Атырау облыстары. Жоспар бойынша студенттер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. Сондай-ақ оқуды бітіргеннен кейін тұрғылықты жері бойынша жұмыс істей береді. Айта кету керек, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, міндетін өтеу кезінде қаза тапқан құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін гранттар беру ережесін енгіземіз.ҚР БҒМ басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: