Алматы прокуратурасы ұсталғандардың туыстарының талабына қатысты пікір білдірді

Алматы прокуратурасы, Алматыдағы шеру, қаңтар трагедиясы Сурет: pixabay
1 ақпан күні жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандардың туыстары Алматы прокуратурасының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Осы мәселеге орай Алматы прокуратурасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz
"Прокуратура тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, азаматтардан өтініштер түсті. Өтініштерді қарау аясында әрбір дәлел қаралып, заңды құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін наразы топ ұсталған жақындарының лаңкес еместігін және жаппай тәртіпсіздікке қатыспағанын айтып, оларды босатуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз