Жаңалықтар тізбегі
0

Құсбегі: Қызығатын адам көп, тек құс жетпейді

Құсбегі Бекболат Ысқақов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 15:43 Сурет: pavlodarnews.kz
4-5 ақпанда Павлодарда құсбегіліктен республикалық жарыс өтеді. Байқауға құсбегілер бабы келіскен құстарын апармақ, деп хабарлайды Zakon.kz

Павлодарлық құсбегі Бекболат Ысқақов құс ұшырып, ит жүгірткенді ұнатады. Қазір оның қолында бүркіт, қаршыға, ителгі бар. Құсбегінің айтуынша биыл Павлодар облысында мұндай жарыс алғаш рет өтейін деп отыр.

Жерлестерімнің арасында құсбегілікке қызығатындар жетеді. Тіпті көп десем, қателеспеймін. Тек құс аз, жетпейді. Оның үстіне оны бағып, баптау қиын. Өзге өңірлерде мұндай құстарды асырауға жергілікті билік көмектесетінін естіген едім. Біздің өңірден ондай көмекті байқамадым. Байқау өтетініне қарасақ, дамып келе жатқанға ұқсайдыҚұсбегі Бекболат Ысқақов

Бекболат Ысқақов Pavlodarnews.kz-ке берген сұхбатында құсбегілікпен айналысу қиынырақ екенін жасырмады. Себебі Павлодардың ауа райы бұл іске ыңғайсыз. Сонымен қатар құстар тек ет жейді екен.

Құсбегілік туралы көбіне интернеттен оқып алдым. Жарыстарға барып, ондағы құсбегілермен де әңгімелестім. Үкіметтен лицензия алып, аң аулаймыз. Себебі құсты күнде ұшырмасаң болмайды. Серігімізді ұшыру үшін көбіне ауа райына қараймыз. Тым суық болса, бізге ыңғайсыз. Оңтүстік өңірлерде құсбегілікке жағдай жасалған деседі.Құсбегі

Бекболат Ысқақовтың "Ақжар" атты бүркіті Шығыс Қазақстан облысында өткен республикалық жарыста 2-орын алыпты. Ал "Сарыарқа" атты тазысы Қарағанды облысында өткен халықаралық жарыста 1-орынды жеңіп алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: