Жаңалықтар тізбегі
0

Тауық жұмыртқасының бағасы Фаберже бұйымынан да қымбат - Мәжіліс депутаты

Депутаттық сауал, азық-түлік қымбаттауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 14:26 Сурет: Ж.Жұмабекова
Мәжілістің жалпы отырысында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов халықты бағаның өсуінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрады. Жамалов аталмыш мәселе бойынша еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Депутаттың айтуынша, ең қажетті азық-түлік тауарларының бағасы дүниежүзі бойынша екі есеге өскен. Бұл үрдістен ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар зардап шеккен. Мысалы: былтыр қырыққабат 35 пайызға, күнбағыс майы 30 пайызға, сәбіз 26 пайызға, тауық еті 19 пайызға, ал картоп 19 пайызға қымбаттаған.

Осы орайда, депутат экономикалық ахуал ретке келгенше, отбасылық жағдайы нашар азаматтарға отандық азық-түлік өнімдерін алуға тегін азық-түлік карталарын енгізуді және сандық әлеуметтік әмиян ашуды ұсынды.

Аманжан Жамалов өткен жылдың ресми статистикасына сүйенді, мәселен онда инфляция 8,4 пайызды құрады. Дегенмен нақты инфляцияның әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Мысалы, Ұлттық банктің сауалнамасына сай, халықтың 58 пайызы баға 16-20 пайызға немесе одан да көп өсті деп есептейді делінген.

Бұл жерде алдаудың қажеті жоқ. Себебі коммуналдық төлемдер бағасының шарықтап кеткені сонша, халық үңгірлер дәуіріне қайта оралғысы келеді. Ал дүкендердегі бағаларды қарасаңыз, қарақұмықтың атын қарақұмық уылдырығы, ал тауық жұмыртқасын Фаберже жұмыртқасы деп өзгерту қажет.Аманжан Жамалов

Сұйытылған газдың, бензин мен дизель отынының бағасын 180 күнге реттеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермеу, коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий енгізу жөніндегі мемлекеттік шараларды жалпы мақұлдаған депутат, бұны тек уақытша шара деп есептейді.

Инфляция – жаһандық проблема. Тіпті дамыған елдердің өзі де бағаның өсуіне тап болып отыр. АҚШ-та соңғы 40 жылда алғаш рет инфляция 7%-ды, Германияда 6%-ды құрады. Әлем бойынша энергияға бағаның өсуімен минералды тыңайтқыштар өндірісі қымбаттап, соның салдарынан азық-түлік бағасы көтерілуде. Қазақстан әлі де азық-түлік импортына тәуелді, бірақ болашақта оның бағасы өсе береді. Еліміздегі азық-түлік тауарларының импорты 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл инфляцияның сол көлемдегі сөзсіз импортын білдіреді. Аманжан Жамалов

Депутаттың сөзінше, бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстандағы тауар өндірісін жолға қою қажет. Сонымен қатар, депутат зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді ең төменгі күнкөріс деңгейінен индекстеп, инфляциядан жоғарылатуды ұсынды. Бұл халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін негізгі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінің орнын толтырады. Яғни, базалық зейнетақы мөлшері, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеуге берілетін жәрдемақылар мөлшерін арттырады. Жалпы бұл 3 миллион қазақстандыққа әсер етеді, деп есептейді депутат.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін 20 пайызға, яғни 43 221 теңгеге дейін арттыру үшін шамамен 600 миллиард теңге қажет. Бұл қаражатты дивидендтерді ұлғайту және жекешелендіруден түсетін ақша мен бюджеттің басқа да кірістерін пайдалана отырып, квазимемлекеттік секторға шығыстарды оңтайландыру арқылы табуға болады, деп қосты ол.

Депутат сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді индекстеу деңгейінен жоғары тарифтерді көтеруге тыйым салуды енгізу, сондай-ақ монополистерді халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін жалпы тарифтен төмен сараланған тариф белгілеуге міндеттеуді ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: