Таразда ескі ғимараттан автомат пен тапанша табылды

Тараз, автомат, тапанша, Калашников Сурет: Тараз қаласы полиция басқармасы
Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қаруларын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz
Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында Калашников маркалы бір автомат, Streamer маркалы бір травматикалық тапанша, бір дана оқжатар мен бір тал жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков

Тараз қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз