Мемлекеттік шекараға жақын маңнан атыс қаруы жасырылған орын табылды – ҚР ҰҚК
Сурет: Zakon.kz
ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz
Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» есімді азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


