Жаңалықтар тізбегі
0

Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 19:51 Сурет: nurotan.kz
Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды.Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2013-2016 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында — «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалының төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а. 

2017-2018 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы. 

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін — ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры. 

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 

2019 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

2020 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

2021 жылдың шілде айынан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: