Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның энергетика саласында мұндай ірі апат бұрын-cоңды болмаған — министр

Энергетика, электр қуаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 15:00 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан энергетика саласында болған ірі апат туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Мұндай ірі апат соңғы рет қашан болғаны энергетика саласы қызметкерлерінің есінде жоқ. Біреуді кінәлауға әлі ерте. Себебі қазір бұл мәселе бойынша энергетика вице-министріне қарасты комиссия жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептерін жан-жақты зерттеп жатырмыз.Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Электр қуаты Қазақстанда түскі уақытта өшті. Ал бұл кезде елімізде автомат қондырғылар іске қосылып тұрған. Министрдің сөзінше, автомат қондырғылардың қосылып тұруы электр энергиясының өшуіне әкеп соқтырды.

Автомат қондырғылардың жұмыс істеп тұрғаны жақсы болған. Бұл ең әуелі оңтүстіктегі көршілеріміздің желілер жиілігі төмендеуіне байланысты болды. Автомат қондырғының негізгі міндеті бүкіл жүйенің зақымдануын болдырмау еді.Болат Ақшолақов

Министрдің сөзінше, егер автоматика жұмыс істемегенде, өңір ұзақ уақыт жарықсыз қалуы мүмкін еді. Оған қоса Қазақстанда электр желілері мен станциялардың өзі үшін ауыр зардап болар еді.

Министр Қазақстан төрт сағатта бүкіл жүйені жылдам қалпына келтіргенін, сонымен қатар Қырғызстаннан келген әріптестерімен дұрыс жұмыс жасағанын айтып отыр. Өкінішке қарай, тек Өзбекстан энергетиктерімен ұзақ уақыт байланыс орнату мүмкін болмаған.

Өзбекстандағы апаттың егжей-тегжейлі себебі туралы ештеңе айта алмаймыз. Білсеңіз, сол күні кешке бізде бәрі қосылды. Біз электр энергиясын тек уақытта тұтына алдық. Қазір тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін белгілі болғанда жариялаймыз. Бұл — өте ерекше апат. Cондықтан айыптауды қойып, тергеу нәтижесін күту керек.Энергетика министрі

Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың едәуір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Мұндай проблема Қырғызстанның Ош, Токмок, Талас және Қара-Балта қалаларында да байқалды. Сонымен қатар Өзбекстанның Самарқан пен Бұхарасында электр қуатымен мәселелер болып, метро тоқтаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: