Алматыда бір топ "кассир" сотталды

Кісен Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті жалған шот-фактуралар мен бастапқы есеп құжаттарын берумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Топтың құрамына 7 адам кірген, оны Болат Қ.Қыстаубаев У деген қос азамат басқарған. Олар материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы есеп құжаттарын шығарумен айналысқан. Қазір қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Аталған тұлғалар 2018-2020 жылдар аралығында өздерінің бақылауындағы 4 компания арқылы коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтару қызметтерін көрсеткен.

Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 849 грамм болатын «марихуана» есірткі затын өсіру фактісі де анықталды.

Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз есірткінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезекпен Алматы қаласы ІІД-не берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз