Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ 6,6 млн долларды шетелге заңсыз шығарған
Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактуралар жазып келген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Топ мүшелері екі жылда 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттіктің telegram арнасының жазуынша, сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.
Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып, контрагенттер-сатып алушылардың бюджетке төленбеген салықтар түрінде мемлекетке 39 млрд теңгеге жуық шығын келтіргені анықталды.
Тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банктік шоттарына түскен қаражаттары шетел компанияларымен жалған шарттар жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ доллары болғаны анықталды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript