Астанада 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар берген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты
Сурет: Zakon.kz
Астанада жұмысты орындамай, жалған шот-фактура жазып берген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің соты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің 9 тамызда таратқан мәліметі бойынша, агенттіктің елордалық департаменті жалған шот-фактуралар жазып беру фактісі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
"2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлға мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекет жасауға жәрдемдескен. Олар бұл әрекетімен мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript