Жаңалықтар тізбегі
0

Олимпиада-2022: Қазақстандық спортшылар жарысты бастап кетті, ал Галышева қайда?

Іріктеу сыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 22:41 Сурет: ҚР ҰОК
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бір күн қалғанда Бейжіңде фристайл-могулдан ерлер мен әйелдердің іріктеу сыны өтті. Біздің спортшылардың алғашқы өнерін тамашалаған Zakon.kz тілшісі 5 және 6 ақпан күндері қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болып қалатынын болжайды.

Бейжің Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулдан ерлер арасындағы іріктеу сыны аяқталды. Бірінші іріктеу айналымында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа енген жоқ. Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алды. Ал Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орында. Екі спортшымыз да 5 ақпан күні өтетін іріктеу кезеңінің екінші айналымында сынға түседі. 

Әйелдердің іріктеу сынында төрт қазақстандық өнер көрсетті. Финалдық кезеңге бірден өту үшін спортшылар осы іріктеу сынының нәтижелері бойынша алғашқы ондыққа енуі керек. Бұл ретте ең үздік көрсеткішке Аяулым Амренова ие болды: 66.82 балл (16 орын), Олеси Граур - 57.18 балл (23 орын). Анастасия Городко өрескел қателік жіберіп, мүлде ұпай алмады. 17 жастағы Граур мен 16 жастағы Аяулым үшін бұл өз мансабындағы алғашқы Олимпиадалары, қыздар ішкі толқуларын жеңіп, қолайсыз ауа райына қарамастан мәреге жетіп, өздерін көрсете алды.

Қазақстандық команданың көшбасшысы, 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева бүгін көрінбеді. Сөйтсек ол Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңін екінші айналымнан бастайды екен. Бұл шешімді бапкерлер кеңесі қабылдаған.

Іріктеудің бірінші кезеңіне қатыспай, бірден екінші айналымнан бастау туралы шешімді бапкерлер қабылдады. Бұл шешім халықаралық федерация регламентіне сай келеді әрі Ұйымдастыру комитетімен келісілді. Юлия бүгінгі бәсекеге қатысуға дайын еді, алайда ПТР тесттің теріс шыққаны туралы ақпар жарыс басталғаннан кейін белгілі болды. Бұл әдеттегідей жағдай емес. Бүкіл Бейжің Олимпиадасының ұйымдастырылуы да ерекше екені айтылып жатыр. Барлық қатысушылар күн сайын тапсыратын ПТР тестте қарама-қайшылық көп және бұл мәселемен тұтас делегация да бетпе-бет келіп отыр. Ең бастысы – Юлия өзін жақсы сезінуде және 6 ақпан күнгі бәсекеге дайын. ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков

Фристайл-могулдан команда бас бапкері Елена Круглыхина жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 

Бұл Олимпиада не болатынын болжау өте қиын. Міне, басталғаны бүгін ғана, ал осыған дейін қаншама жайттар бастан өтуде. Біз үшін алаң болмаңыздар, спортшыларда бәрі жақсы. Юлия өзін жақсы сезінуде, жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Баршаңыздан қолдау күтеміз, бізге жанкүйер болыңыздар.Бас бапкер Елена Круглыхина

Бір сөзбен айтқанда, біз барлық төрт қазақстандық қыздың екінші іріктеу сынындағы өнерін тағатсыздана күтудеміз және Галышева да, Городко да, Амренов та, Граур да Бейжіңдегі Олимпиадада Алматыдағы 2021 жылғы Әлем біріншілігінде көрсеткен жетістіктерінен кем түспейді деп сенім білдіреміз (ол кезде Галышева күміс, ал Городко қола жүлдеге ие болған еді).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: