ШҚО-да ірі есірткі арнасының жолы кесілді

ШҚО полиция депаратменті Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында Семей және Өскемен қалаларына синтетикалық есірткінің ірі партияларын жеткізіп келген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді.

ШҚО полиция департаменті

Сурет: ШҚО полиция департаменті

Алдын ала бағалау бойынша «қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны шамамен 30 миллион теңге болады.

Сонымен қатар, олар жалға алған пәтерлерде олардың қылмыстық әрекетін растайтын басқа да дәлелдер, соның ішінде есірткіні өлшеп-орауға және өлшеуге арналған заттар табылды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО полиция департаменті, арнайы операция

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Тергеу мәліметтері бойынша, есірткі Ресей Федерациясынан біздің елге әртүрлі логистикалық көлік компаниялары арқылы жіберіліп отырған.

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау аса ірі мөлшерде) бойынша сараланады, оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де адамдар анықталуда.ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз