Семейде полицейлер есірткі өткізудің ірі арнасының көзін жойды

Есірткі, медефрон, Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 20:35 Сурет: polisia.kz
Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді. Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – мефедронды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, тәркіленген медефрон құны 20 млн теңгеден асады.  

"Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады. Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жеткізу арнасының жойылуы жүздеген адамды есірткіге тәуелділіктен және мүмкін болатын қайғылы оқиғалардан құтқарды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Абай облысында 46,5 млн теңгенің ауыр заттарын ұрлаған күдіктілер ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: