ШҚО полицейлері есірткі зертханасының көзін жойды

Есірткі зертханасы, ШҚО, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2024 17:37 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының полициясы 100 келіге жуық мефедронды сатылымға жібермей, көзін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскеменде облыстық прокуратураның үйлестіруімен криминалдық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық жабдықтарды, прекурсорларды және сатуға дайын болған аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын анықтап, тәркіледі.


"Сараптамаға сәйкес, тәртіп сақшылары 1,4 келі мефедрон, сондай-ақ 1,6 тонна химиялық сұйықтықты тәркіледі. Осылайша, полиция қызметкерлері шамамен 100 келі синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Есірткілерді өткізу мақсатында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі зертханасының жабдықтарын жинап, тыйым салынған заттарды жасаумен айналысқан облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Ер адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: