Шетелден келетін есірткі тасымалының жолы кесілді
Операция нәтижесінде есірткі заттарын контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан топ қызметінің жолы кесілді.
Есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шетелдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілді.
Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында «жер астына салынған зат» түрінде таратылды.
Сату анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы қабылданды. Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары болды. Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты – мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан асатын марихуана мен мефедрон. ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.
Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр.