«Алматы трагедиясы»: Бір ай өткен соң

Алматы трагедиясы, шеру Сурет: Zakon.kz
Қасіретті қаңтар оқиғасының елді есеңгіретіп кеткеніне бір айдың жүзі болды. Zakon.kz бір ай өткеннен кейінгі Алматыны назарларыңызға ұсынады


4 қаңтарда жаңаөзендіктерді қолдауға бағытталған Алматыдағы бейбіт шерудің соңы бүлікке айналды. Сол күні «Алматы арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық наразы топ жиналды. Шеруге қатысушылар Шығыс айналма жолының бойында көлік қозғалысын жауып тастады. Қаланың әр түкпірінде жиналғандардың жалпы саны 5 мың адамға жетті.

5 қаңтар күні Алматыда жағдай ушыға түсті. Бейбіт шерушілермен араласып кеткен бүлікшілер қала әкімдігін, телеарна ғимараттарын өртеп, қиратты, Алматы әуежайын тонады.

Алматыдағы шеру, бейбіт шеру

Сурет: Zakon.kz

Алматы қалалық полиция департаменті басшысы мәлімдегендей, лаңкестер қаланың әр жеріндегі патрульдік бөлімшелерге шабуылды бір уақытта бастаған. Олардың әрекеттері алдын ала ұйымдастырылған, топ жетекшілері бақылап отырған.

Сол күні қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.

Алматыда террористік қатердің «қызыл» деңгейінің күші 26 қаңтар күні ғана жойылды.

16 қаңтар күні қалалық полиция басқармасының басшысы Қанат Таймерденов Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаев бүлінген нысандар туралы есеп беріп, қала бойынша 243 нысанды қалпына келтіруге болатынын айтты. Оның ішінде: 27 – мемлекеттік мекемелердің нысандары, 216 – ШОБ нысандары.

203 нысан жөндеуді қажет етеді, 127 нысан бойынша алдын ала шығын сомасы 56 млн теңге болды.

Президент Алматыға арнайы келіп, Үкіметтік комиссияға бүлінген қаланы қайта қалпына келтіруді тапсырды.

Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл – өте үлкен жұмыс. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қала тіршілігі қалпына келді. Қаладағы қираған ғимараттар да қайта жөнделер, ал қасіретті қаңтар салып кеткен тарих бетіндегі қара дақ пен жүректегі жараны қайтеміз?

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз