Екібастұзда жанып жатқан қоқыстан күшіктер құтқарылды
Сурет: Pixabay
Құтқарушылар күшіктерді таза ауаға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz
Pavlodarnews.kz мәліметінше, сағат 14:00-де «101» пультіне Қонаев көшесі, 134 үйге қарама-қарсы мекенжай бойынша жану фактісі туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнынан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 1 км құрайды. Бір қабатты кірпіш ғимаратында 5 шаршы метр алаңда қоқыс жанған. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Мұхажанов Наурыз және бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Атеев Исламбек үй-жайлардың ішінде қоқыс жанып жатқан жерден төрт күшікті анықтады.2-МӨСБ бастығының орынбасары Жұмабай Кеңес.
Жану 7 минут ішінде жойылды. Өрттің шығуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript