Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жол-көлік апаты: көлікті соғып алған жағдайда не істеу керек

Көлік апаты, Алматыдағы жаппай көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 13:18 Сурет: Zakon.kz
8 ақпанда Алматыда тұман мен көктайғақтың салдарынан 30-ға жуық жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер де бар. Осы оқиғаға орай Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкинмен пікірлесіп, мұндай жағдайда не істеу керектігін сұрадық.
Заңда көліктер соғылса, "жол-көлік оқиғасы" деп аталатыны айтылған. Жолда жүру ережелері жүргізушіден көлікті басқарған кезде ауа райы жағдайын ескеруді талап етеді. Қазір жол полициясы жол-көлік оқиғасын рәсімдеп жатыр. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші ешқайда кетпейді. Оған қатысты әкімшілік материал рәсімделіп, әкімшілік сотқа жолданадаы, жүргізуші жауапкершілікке тартылады.Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкин

Хаттаманы рәсімдеу кезінде жол-көлік оқиғасына қатысушылар өздерінің сақтандыру компаниясының комиссарларын шақыруға және сақтандыру жағдайы туралы арыз жазуға құқылы.

Егер көлігіңізді соғып алсаңыз әрі көліктің иесі өзіңіз болсаңыз, сақтандыру шартында сіздің есіміңіз тұрса, онда сіз тікелей есеп айырысу үшін сақтандыру компаниясына барасыз. Егер олай болмаса, онда иесі кінәлінің сақтандыру компаниясына барады.Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкин

Жол апатына өзіңіз кінәлі болсаңыз, сақтандыру компаниясы зардап шеккен адамға өтемақы төлеп береді. Ал егер сізде сақтандыру болмаса, шығынды өзіңіз төлеуге тура келеді.

Алматы полициясы жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы көлік қозғалысын қиындатып жатқанын хабарлады. Полицейлердің айтуынша, бұған көбінесе жол қозғалысына қатысушылардың өздері кінәлі: олардың кейбірі жылдамдықты бәсеңдетпейді, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламады, жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді. Сол себепті де полиция қызметкерлері жол ережесін сақтауды сұрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: