Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы ірі жол-көлік апаты: бір адам мерт болып, екі адам жарақат алған

Алматыдағы ірі жол-көлік апаты: бір адам мерт болып, екі адам жарақат алған , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 11:49 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Сүйінбай мен Бекмаханов қиылысында бірнеше автокөліктің қатысуымен болған ірі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Volkswagen Golf көлігі Бекмаханов көшесімен батыс бағытқа бет алған, ал ZAZ Chance және Chevrolet Ravon көліктері оған қарсы бағытта келе жатқан. Үш көлік Сүйінбай даңғылының қиылысында болғанда, оларға Hyundai Elantra көлігі жоғары жылдамдықпен соқтығысқан.

Қатты соққыдан Chevrolet көлігіндегі жолаушы тротуарға ұшып кеткен. Әуежайға бет алған жас жігіт алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

ZAZ Chance көлігінде өрт шыққан. Жалын өтіп бара жатқан жүргізушілердің көмегімен сөндірілді.

Hyundai көлігі болса, жол жиегіндегі арыққа шығып кеткен. Көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілсе, жүргізушіні сол жерге келген полицейлер ұстап алып, медициналық тексеруге алып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол ішімдік ішіп алған, аяғынан әрең тұрды.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері ЖКО-ның барлық мән-жайын анықтауда.

Алматыдағы ірі жол-көлік апаты: бір адам мерт болып, екі адам жарақат алған , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 11:49

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: