Қызылорда облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында екі автокөліктің қатысуымен болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте "Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент" тас жолынының 1462/804 шақырымында, Қазалы ауданы тұсында орын алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", деп хабарлады Қызылорда лбдыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Павлодар маңында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шеккені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript