Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды
Сурет: Zakon.kz
Кенжекөл ауылынан Павлодар қаласына қарайғы кіреберісте төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жантүршігерлік жол апатының түнгі видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлер түсірген видеодан талқандалған автокөліктер мен оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадаларын көруге болады.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайына тоқталып, түсініктеме берді.
"Полиция УАЗ "Патриот", Audi 100, BMW және Lada Priora көліктерінің қатысуымен Павлодар – Кенжекөл тас жолында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды", деп хабарлады 2026 жылғы 18 қыркүйекте Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Ведомство оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатынын нақтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript