Ресейдегі жантүршігерлік жол апаты: Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

Ресейдегі жантүршігерлік жол апаты: Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 15:33 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
5 қаңтарда Ресейдің Самара облысында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға "Самара – Большая Черниговка" тасжолының 101-шақырымында болған.

Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті.

"Зардап шеккендерді Ресейге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлерін қамтитын жиынтық колонна жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Қайтар жолда зардап шеккендердің барлығы отандық мамандардың тұрақты бақылауында болды". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 7 қаңтарда таңертең зардап шеккендер Қазақстанға аман-есен жетті, жеті науқас, оның ішінде екі бала Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері де Қазақстанға жеткізілді.

"Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Орал қаласынан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, азаматтарға жолда сақтық шараларын сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: